Спорт • 23 Қыркүйек, 2023

Асхат Тағыберген «Ференц Пушкаш» сыйлығынан үміткер

218 рет
көрсетілді

Футболдың халықаралық федерациясы (FIFA) үздік гол соққан футболшыға берілетін «Ференц Пушкаш» сыйлығына үміткерлер арасына  Асхат Тағыбергенді де  қосты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Асхат Тағыберген «Ференц Пушкаш» сыйлығынан үміткер

Фото: ҚФФ

FIFA-ның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған  сілтеме бойынша үздік  гол иесін анықтауға болады. Асхат Тағыбергеннің Қазақстан-Дания матчының 86-минутында алыстан шірей тепкен добы  гол болып, 1:2 есебімен жеңіліп жатқан Қазақстан құрамасы таразы басын теңестіріп қана қоймай, 89-минутта  Абат Айымбетов  үшінші голды тоғытып, жеңісті жұлып алған болатын.  Міне, осы тартысты матчта ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыбергеннің голы «Пушкаш» сыйлығына ие болуы мүмкін. Ол үшін  мына сілтеме бойынша өтіп, дауыс беру қажет. Қазақ  футболы жанкүйерлерінің дауыс беріп, қолдауы аса маңызды. 

Соңғы жаңалықтар

Көмекші білезік

Қоғам • Бүгін, 20:27

Германия – әлем чемпионы

Футбол • Бүгін, 20:15

Grand Slam: Әзірге қоржын бос

Спорт • Бүгін, 20:05

Төрт өреніміз – финалда

Бокс • Бүгін, 19:53

Қыздардың қарқыны күшті

Спорт • Бүгін, 19:35