Спорт • 23 Қыркүйек, 2023

Жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылуы болды

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Үлкен Лотус стадионында ХІХ Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Жазғы Азия ойындарының  салтанатты  ашылуы болды

https://web.telegram.org/

Еліміздің делегациясын бастап,  көк байрағымызды көтеріп  боксшы Асланбек Шымбергенов және жеңіл атлет Надежда Дубовицкая  шықты. «Біздің команданың алдында жанкүйерлердің үмітін ақтау жүктелді, спортшыларымыз бұған дейінгі  өткен Азия ойындарындағы нәтижеден де жоғары көрсеткішке жету міндеті тұр», деп мәлімдеді  Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Жазғы Азия ойындарына құрлықтың  45 елінен 15 мыңнан астам спортшы келді. Олар спорттың 40 түрінен 481 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан атынан спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысып, келесі жылы өтетін Париж жазғы Олимпиадасының  жолдамасы үшін тартысқа түседі.