Хоккей • 25 Қыркүйек, 2023

Хоккей: «Барыс» Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» ойнайды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нижнекамскіде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті чемпионатының матчы өтеді. Мұз айдынында «Нефтехимик» астаналық «Барыс» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Хоккей: «Барыс» Нижнекамскіде «Нефтехимикпен» ойнайды

Фото: «Барыс» клубының баспасөз қызметі

«Нефтехимик» - «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. 

Командалардың ұпайына келер болсақ, тоғыз ойыннан кейін «Барыстың» жеті ұпайы,  ал «Нефтехимиктің» бес ұпайы бар.

Кезекті маусымдағы соңғы ойында «Барыс» сырт алаңда Новосибирск құрамасы «Сібірден» ұтылып қалған еді (2:4), ал «Нефтехимик» өз мұз айдынында омбылық «Авангардты» жеңді (қосымша уақытта 2:1). Осы жеңістің арқасында Нижнекамск клубы қатарынан төрт жеңіліс сериясын бұзды.