Аймақтар • 25 Қыркүйек, 2023

Маңғыстау облысының тұрғыны жалған доллар сатқан

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында жалған ақша сатқан тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының тұрғыны жалған доллар сатқан

Фото: Ашық дереккөз

«Ұсталған азамат номиналы 50 АҚШ доллары болатын жалған ақша купюраларын сатумен айналысқан. Агенттік қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілген сатып алу барысында жасанды ақша сату фактісі анықталып, жалпы сомасы 3850 доллар болатын жалған валюта тәркіленді», деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Өзге тұлғалардың заңсыз әрекетке қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүріп жатыр. 

«ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі», деп түсіндірді агенттік.