Денсаулық • 25 Қыркүйек, 2023

Алматыда тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 қыркүйекте Алматы қаласының барлық ауруханасында тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда тұмауға қарсы вакцинация науқаны басталды

Фото: kyiv.comments.ua

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, халықты иммундау үшін тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасының 250 мың дозасы сатып алынған.

«Гриппол+» инактивацияланған вакцина Ресейде өндірілген. Аталған вакцинаның құрамында тұмау вирусының А (H1N1 және H3N2) және В қосалқы типінің штамдары бар.

«Егуге бірінші кезекте медицина қызметкерлері, медициналық мекемелерде есепте тұрған балалар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, жүкті әйелдер мен 60 жастан асқан мосқал адамдар жатады. Негізгі ауруға байланысты тұмаудың неғұрлым ауыр түріне бейім адамдар да вакцинациялануы керек», делінген хабарламад

Екпе егу науқаны қараша айының соңына дейін жүргізіледі. Тұмауға қарсы екпеден кейін толық иммунитетке жету үшін екі апта керек. Сол уақыт аралығында тұмау және басқа вирустық ауру белгісі бар адамдармен қарым-қатынасты шектеу қажет.

Дәрігерлер тұмау асқыну мен өлім қатеріне байланысты қауіпті екенін еске салады. Егер кейбір адам тұмаумен ауырғанда, бірнеше күн ғана қиналса, тұмау нәрестеге, қарт адамға және иммунитеті әлсіреген адамға жұқса, оларда ауру қатты асқынып, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.