Жәдігер • 25 Қыркүйек, 2023

Сәкен тұрған үй

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәкен Сейфуллин музейінде дауылпаз ақын, көрнекті қоғам қайраткерінің бұрынғы Ақмола – қазіргі Астана қаласында 1920 жылдары тұрған үйінің суреті сақталған.

Сәкен тұрған үй

Сәкен Сейфуллин өмір­баянына үңілгенде, оның Ақ­мола қаласымен өте тығыз бай­­ланыста болғанын білеміз. Мәселен, ардақты тұлға 1917 жылы 9 наурызда Ақмолаға келіп, саяси қызметке арала­са бастайды. «Жас қазақ» атты саяси және әлеуметтік мә­де­ни-қоғам құрып, «Тіршілік» газетін шығаруға қатысады. Сондай-ақ Ақмоладағы жаңа орыс-қазақ мектебінде үш айлық мұғалімдерді оқыту кур­сын жүргізеді. 1918 жылы мау­сым айындағы Ақмола­да­ғы ақтар төңкерісінен кейін тұтқынға алынып, 1919 жылы ­5 қаңтарда Петропавл түрме­сіне жіберілген. 1920 жылы көктемде түрмеден босағаннан кейін Ақмолаға қайта оралып, осындағы революциялық ко­ми­теттің Әкімшілік бөлімі бас­­шысының көмекшісі болып та­ға­йындалады. 

Аяулы ақын тұрған үй қа­зіргі Амангелді Иманов кө­шесінде болған. Суретіне қа­­­рап, оның сол кездегі тө­бесі ­шифрмен жабылған ең­селі үйлердің бірі екенін бай­қаймыз. Үйдің бір жақ қа­быр­ғасында алты терезе ор­на­ласқан. Қабырғамен жапсарлас ағаштан шарбақ жасап қойған. Аулада ағаш өсіп тұр. Маңдайшасына ес­керткіш тақта ілінген. Бір өкі­ніштісі, бұл күнде Сәкен атамыз тұрған үй сақталма­ған. 70-жылдары қала ішіне заманауи құрылыстар тұрғызу мақсатында бұзылған. Ал үй маңдайшасына қойылған ес­керткіш тақта ақын музейінде тұр.