Форум • 25 Қыркүйек, 2023

«Kazakhstan Growth Forum-2023»: Халықаралық бизнестегі сенім мен тәуекел

238 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Таяуда Алматыда өткен «Kazakhstan Growth Forum-2023» басқосуында бизнес үшін заманауи сын-қатерлер мен еліміздің суырылып алға шығуына кедергі болып отырған факторлар кеңінен талқыланды. Жиналғандар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы ойларын ортаға салды. Былтырғыдай емес, бұл жолғы Жолдаудың саясатқа емес, негізінен экономикаға бағытталғанын ел бағамдап үлгеріпті. Жолдау барысында көп көңілінен шыққан бағыттардың бірі – әскери-өнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық беріліп, назар аударылды. Бұл міндет өз қауіпсіздігімізді қорғауымыз үшін қажет. Тап осы бағытта біздің басқа елдерге тәуелді екеніміз, нақ осы фактор егемендігімізге үнемі сырттан қауіп төндіретіні жиі айтылып жүр. Саммит барысында қорғаныс саласына басымдық беру мыңдаған шағын кәсіп көзін ашуға мүмкіндік беретіні де айтылды.

«Kazakhstan Growth Forum-2023»: Халықаралық бизнестегі сенім мен тәуекел

Алатау бөктерінде өткен саммитке қатыс­қан «J.P. Morgan» өкілі, макро­экономист Анатолий Шаль мұнайдың бүгінгі бағасы сұраныс пен ұсыныстың теңгеріміне көбірек байланысты екені, қазір оның құбылмалы сипатқа ие екенін айтты. «Біз мұнайды пайдаланудың ең жоғары шегінен 2023 жылдың жаз айында өтіп кеттік. 2024 жылы мұ­най­ға сұраныс баяулайды, Ресей де, Сауд Арабиясы да 2023 жылы атап өткен өндіріс көлемін және экспортты қыс­қар­туды бірте-бірте қыс­қартады», деп тү­сіндірді ол.

Осы ретте макроэкономист дамушы нарықтар және Қазақ­стан үшін де өзекті бес тәуекелді атап өтті. Оның ай­туын­­ша, тәуекелдің алғашқысы – жо­ға­­ры пайыздық мөлшерлеме кезеңі. «Даму­­шы елдердің ірі экономикалары сол кез­дегіден жақсы жағдайда, олар қауіп­сіздік жастықтарын жасады, икемді ва­люта бағамын қолданады, бюджет тап­шылығы нарықтың барлық сегмен­тін­де сезіліп тұрады», деп атап өтті сарапшы. Анатолий Шальдың пікірінше, «теориялық тұрғыдан еліміз үшін өзекті екінші тәуекел негізгі сауда серіктестері – Қытай мен Еуро­паның тек циклдік баяулаумен ғана қиын­шылықтарды бастан кешіруімен бай­ланысты». «Сіздердің экономикадағы 2023 жылы оң өсім таңғалдырды, бірақ бізге оның ұзақмерзімді перспективада қалай дамитыны белгісіз. Бұл – Қазақстан кім­мен саудаласуы керек деген көзқарас тұр­ғы­сынан белгілі бір тәуекелдер», деді сарапшы.

Оның айтуынша, ішкі нарықтағы оң өзгерістерді әзірге ІЖӨ-нің жүгін «же­ңіл­дететін жағдай» деп бағалауға болады, бұл басқа нарық көздеріне назар аударға мүмкіндік береді. Үшінші тәуекел, сарапшының пікірінше, барлық дамушы нарық үшін де, біздің ел үшін де өзектісі – АҚШ-тағы құлдырау қау­пінің жоғары болуы. «2024 жылы Құ­рама Штаттардағы рецессия қаупі біздің субъективті бағалауымызда жоға­ры дең­гей­де қалып отыр. Доллардың ны­ғаюынан, құбылмалылықтың жоғары­лауынан дамушы нарықтар зардап ше­геді. Қазақ­стан үшін өте өзекті – рецес­сия жағдайында мұнайға сұраныс азая­ды және мұнай бағасының төмендеуі әбден мүмкін», деп атап өтті Анатолий Шаль.

Оның тізіміндегі төртінші тәуекел – мұ­най бағасының ұзақмерзімді динамикасы. «Біз 2030 жылға қарай жанар-жағармайға сұраныс тәулігіне 1 миллион баррельге азаяды деп ойлаймыз. Бұл ретте мұнайға деген сұраныс арта береді, өйткені авиация өнеркәсібі мен мұнай химиясы шикізатты көбірек тұтынады», деп түсіндірді спикер.

Оның сөзінше, мұнайға сұраныс арту үшін компаниялар өндіріске инвестиция салуды жалғастыруы керек. Банк сарапшылары мұнай секторындағы 300 жобаға зерттеу жүргізіп, жобаларға салынған инвестиция табысты болып қалуы үшін мұнай бағасы қандай болуы керек екенін анықтады. Нәтижесінде, 2030 жылға дейін барреліне 60-100 доллар аралығында болатыны анықталған. «Қазақстан үшін 100 доллар өте қолайлы болар еді, 60 доллар – жақсы, өмір сүруге болады, бірақ абай болу керек», деп түсіндірді сарапшы.

Сондай-ақ саммит барысында елі­міздің қандай экономикалық модель­ді ұс­та­­натыны түсініксіздеу болып отыр­­ға­ны да айтылып қалды. Мем­ле­кет­тік капитализм жұ­мыс істе­мей­ді, өйт­кені мемлекет бас­­қару тұрғы­сы­нан өзінің тиімсіздігін көр­сетті. Эко­­но­микалық либерализмнің англо­сак­­сондық моделі үшін қарапайым тілмен айтқанда, «экономиканы өлтіру» қа­жет. Ал Еуропадағыдай корпоративтік әлеу­мет­тік мемлекет құру үшін күшті кәсіп­одақтар керек. Ал ол бізде жоқ. Син­гапур моделі үшін адамдар үкіметке адал бо­лып, оны тиімді мемлекеттік аппарат­тың орнына қолдайтын технокра­тиялық заңдылық болуы керек.

Саммит барысында AIX тақырыбына наза­р аударып, бізге түсінік­сіздеу көрін­ген біраз жайтқа жауап алғымыз келді.

Себебі ел назарындағы қос биржаның есептерін қашан жариялайтыны, АҚШ-тың санк­циясына ілініп қалған «Polymetal International plc» Джерси аралынан біз­­дің елге қандай жолмен келіп қал­ға­ны жур­налистер үшін ең қызықты тақы­рып­тар­дың бірі болатын.

Естеріңізде болса, 2023 жылдың тамыз айы­ның басында «Polymetal International plc» Джерси аралынан Қазақстандағы Астана халықаралық қаржы орталығына (АХҚО) қайта тіркеудің «сәтті аяқтал­ғанын» хабарлады. Оның алдында АҚШ-тың 2023 жылдың мамыр айын­да топтың ресейлік компаниясы «Поли­ме­талл» АҚ-ты SDN санкциялар тізіміне енгізген. Редомициляциядан кейін AIX биржасы Полиметалдың негізгі биржасына айналды.

Тим Беннетт, ең алдымен, Поли­ме­талды қайта құру туралы түсіндіріп берді. Бұл шешім тек биржаның емес, сонымен бірге OFAC (Office of Foreign Assets Control)-пен бірге әкімшіліктің шешімі екенін айтты. «Бұл транзакция ешқандай жағдайда санкцияларды бұзбайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тау-кен саласын дамыту керегін айтты. Транзакция кезінде санкциялар ешқандай жолмен бұзылмаған. Біз мұны мұқият бақылап отырдық», деп атап өтті ол.

Екінші мәселеге, AIX есептері туралы пікір білдіруге құзыреті жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, қаржылық есеп осы жылы – 2023 жылы жариялануы керек еді. «Жыл аяғына дейін жарияланбаса, міндетті түрде тексеремін», деп уәде берді.

Беннетт АХҚО рөлі қандай екені туралы да өз көзқарасымен бөлісті. Ол капитал нарықтары тұтастай алғанда елдің инфрақұрылымы, «қаңқасы» екенін, қаржы орталығының рөліне тура осылай деп баға беретінін айтты.

Белгілі отандық экономист, CSI стра­­те­гиялық бастамалар орталығы то­бы­­­­ның аға серіктесі Олжас Құдай­бер­­генов Президенттің жуырдағы Жол­дауын­да қазіргі Үкіметке жүзеге асыру қиын көптеген міндет қойыл­ғанын атап өтті. «Алдыңғы циклде қалып­­тасқан мемлекеттік басқару жүйе­сінің мәдениеті сенім­сіздікке, мемле­кеттік басқару жүйе­сін­дегі – мем­лекеттік қыз­метшілер ара­сын­дағы қақты­ғыс­тарды ұдайы ынта­лан­дыруға негіз­дел­ді. Әрине, мұның бәрі мемлекеттік бағ­дарламалардың орындалуына және жұмыс сапасына әсер етті. Ал қазір ондай ынталандыру болмаса да ешкім ешкімді бір-біріне қарсы қойып жатқан жоқ, бірақ сол мәдениет инерция­сы сақталып отыр.

Іс жүзінде мемлекеттік басқару жүйе­сі бір-біріне деген сенімсіздік режі­мінде жұмыс істеуін жалғастырып келеді. Мұның бәрі реттеуші ресімдерге жүк­те­­леді. Мем­лекеттік органдар көп нәр­сені шек­­тен тыс реттеу арқылы ха­лық­қа сенім­сіздік таныта бастады. Тиі­сін­ше, халық пен бизнес бұл сенім­сіз­дікті мемлекетке қайтарады», дейді Олжас Құдайбергенов.

Экономистің айтуынша, Президент­тің барлық бастамасы дұрыс жүзеге асуы үшін мемлекеттік басқару жүйесі өзгеруі керек. Мемлекеттік аппарат бір­тұтас, жақсы үйлестірілген команда ретінде жұмыс істеуі керек. «Бірақ әзірге се­нім­­сіздік мәдениеті жарияланған бас­та­маларды жеңіп жатыр», деп санайды са­рапшы.

Сарапшының сөзінше, мемлекеттік реттеудің қазіргі жүйесі тым қатал. Мы­салы, банктерді реттеу тәсілі оларды бизнеске несие бермеуге мәжбүр­лейді. Содан кейін банктер ШОБ субъектілеріне неге несие бермейді деген шағымдар айтылады. Бұл тек қаржы секторына ғана қатысты емес, барлық сала­­дағы мем­лекеттік реттеуді жұм­сар­ту қажет. «Мүмкін біреулер әлеу­мет­тік нара­зы­лық­ты тежеу үшін баға­ны уақытша ұстау­ға мәжбүр, бірақ орташа және ұзақ қашық­тық­та бұл жұмыс істемейді», деп атап өтті экономист.

Тағы бір панельдік сессияда «Kusto Group» басшысы Еркін Тәтішев те Қазақс­танның дамуы тақырыбына тоқталды. Кәсіпкердің пікірінше, трансформация мен нарықтық экономикаға көшу барлық салаға, соның ішінде мемлекеттік басқаруға да әсер етуі керек.

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылы­ғымен айналысатын «Kusto Group» хол­дингінің басшысы еліміз маңызды көлік хабына айналу үшін Көлік минис­трлігі қажет екенін айтты. «Вагондар мен те­мір­­жол рельстерінің пайдалану мөлшері  30 жылдан асып кетті. Транскаспий ха­лықаралық та­сымал­дау бағытын айт­­пас­тан бұрын «Бізде не бар?» деген сауал­ға жауап іздеу керек. Әзербайжанда 14 паром бар. Бізде жоқ», деп атап өтті ол.

Еркін Тәтішев бізге күшті, белсенді азаматтық қоғам керек екенін, ауылдан бастап, қоғамдық пікір мен бизнес басшыларына дейін осы ел мен жерге иелік көзқарастың қалыптасуы қажет екенін айтты. Күшті азаматтық қоғамы жоқ ел­дерде үкімет әрқашан тиімсіз екенін және жұмыс істемейтінін, популизмнің күшеюінен, әлеуметтік мәселелерді тез әрі түбегейлі шешуге уәде беретін саясаттан қорқатынын жеткізді.

Саммит спикерлерінің бірі Алмас Чукин біздің ел – әлеуметтік мемлекет, бірақ оның жаман және зиянды екенін айтты. «Бюджеттің жартысынан астамы білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалады. Дегенмен бұл қызметтерге көңілі толатындардың қатары өте аз. Себебі халық арзанның, оның ішінде тегін нәрсенің құны жоқ деп ойлайды. Сол себепті халыққа тегін қызмет көрсететін орындардың сапасын жақсартпасақ, еңбегіміз еш болады», дейді спикер. Осы ретте сарапшы алдағы 7 жылда отандастардың саны қа­зіргі туу көрсеткішімен 1,5 миллион адамға артатынын, оның 1 миллионы ең­бекке жарамды болатынын айтты. Жы­лына 140 мың жұмыс орнын ашу – өте күрделі мәселе.

Алмас Чукин инфляцияның елге сырттан әкелінетініне сенімді екенін, ха­лықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне жұм­сап отырған қаржысы импортталған инфля­цияның жемсауына жұмсалып кете­тінін айтты. Мұндай ойды кезекті панельдік отырыста Халық банкі­нің басшысы Үміт Шаяхметова да біл­­­дір­ген еді. Қазақстан импортқа тә­уел­­ді ел болғандықтан инфляциядан зардап шегіп отыр. Тұтыну несие­ле­­рі импорттық тауарларды сатып алу­ға жұмсалады, басқаша айтқанда, ақ­ша осы арқылы шетелге кетіп жатыр. CFO саммитіне қатысушылар бү­­гінде Үкімет дәліздерінде және қо­ға­м­да көп айтылып жүрген заңсыз шы­ғарылған активтерді елімізге қай­тару та­қырыбына да тоқталды. «Қазақ­стан­ның инвестициялық ахуа­лын бұз­бау үшін алынған ақшаны қайтару мәселесіне мұқият қарау керек. Бұл Қа­­зақ­станнан капиталдың кетуіне әке­леді. Қазақстандық инвесторлардың нарықтан кету үрдісі бар, әрқашан сапалы инвесторлар келе бермейді. Олардың ақшасы бар, бірақ ертең қалай жүретінін білмейміз», дейді Халық банкінің басшысы Үміт Шаяхметова.

Қысқасы, CFO саммиті барысында Үкіметті ойландыратын, халық­ты тол­ған­дыратын мәселенің көп екеніне көзіміз анық жетті...