Үкімет • 26 Қыркүйек, 2023

Бірлескен жобаларға ашық диалог

158 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мәжіліс төрағасы Ер­лан Қошанов Вьетнам Ұлттық ассамблеясы төр­ағасының орынбасары Нгуен Хак Диньді қабыл­дады. Вьетнам Пар­ламентінің делега­циясы­ екіжақты ынтымақ­тас­тықты дамыту мәсе­лелерін талқылау үшін елімізге арнайы келді.

Бірлескен жобаларға ашық диалог

Отырысты ашқан Ерлан Қо­шанов былтыр Қазақстан мен Вьет­нам ара­сында дип­ломатиялық қа­рым-қаты­нас орнағанына 30 жыл тол­ға­нын атап өтті. Осы жылдар ішін­де бел­сенді саяси диалог жолға қойы­лып, елдер арасындағы жан-жақ­ты ынты­мақ­тастықтың берік іргетасы қаланды.

– Сіз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнамға рес­ми сапарынан бір ай өткен соң келіп отырсыз. Бұл елдерім­із арасындағы өзара түсініс­тік пен сенімнің жоғары дең­гейін көрсетеді. Бүгін бізде мем­лекет басшыларының келісім­деріне сәйкес Парламенттер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға тамаша мүмкіндік бар, – деді Е.Қошанов.

Кездесу барысында тараптар 2015 жылдан бері бел­сенді дамып келе жатқан пар­ламентаралық бай­ланысты пысықтады. Бүгін­де Мәжілісте 12 депутаттан тұра­тын Вьетнам Социалистік Респуб­ликасымен достық тобы бар. Оған Халық­аралық істер, қорғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төр­ағасы Айгүл Құспан жетекшілік етеді. Қазақстан тарапы осындай достық топтары, тиісті комитеттер арқылы көпжақты платформаларда бірлесіп жұмыс істеуге және заңнама саласында тәжірибе алмасуға дайын екендіктерін білдірді.

Мәжіліс спикері Қазақ­стандағы саяси-экономикалық реформалар мен Президенттің жуырдағы Жолдауынан хабардар етіп, оның басты мақсаты – жаңа экономикалық модель құру екенін айтты.

– Бұл қадам өңдеу саласын, банк секторын, жасанды интеллектіні да­мытуды және инвестиция тартуды көздейді. Осы тұрғыда біз вьет­намдық әріптестермен бірлескен жо­ба­ларды жүзеге асыру үшін диа­лог­қа ашықпыз, – деді Мәжіліс төрағасы.

Нгуен Хак Динь өз кезегін­де Вьетнам Орталық Азия­дағы ең ірі серіктес ретінде Қа­зақ­­стан­­­­мен сауда және өн­­діріс әле­­­уе­тін арттыруға мүд­­делі еке­­­­нін айтты. Тарап­тар ин­вес­­­ти­­­­ция бойынша екіжақ­ты келі­­­­­сім­­дерді жаңарту, логис­ти­ка­­­­­лық дәліздерді ке­ңейту, бір­­­лес­­кен өндірістерді, со­ның ішін­­­де экспортқа бағытталған өн­ді­­­ріс­­­терді дамыту қажеттігін атап өтті.

Депутаттар жеңіл өнер­кәсіп, ауыл шаруа­шылығы, тран­зиттік дәліз­дер сала­ларын­дағы елара­лық жобалардың әлеуеті зор еке­­ні­не назар аударды. Мәжі­ліс спи­кері Қазақстан Азия мен Еу­ропа ара­сындағы конти­нент­тік бағыт­тар­дың 80 пайыз­ға жуы­­ғын қам­та­масыз ете­тіні­не, ал 2019 жылы іске қо­сыл­­ған «Вьет­нам – Қытай – Қазақ­стан» те­мір­жол бағыты екі ел ара­­сын­дағы жүктерді жет­кізуге жақсы мүмкіндік бере­тініне тоқталды.

Тараптар туризм, мәдени-гуманитарлық байланыс пен елдер арасындағы әуе қатынасы сала­сындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін де талқылады.