Қоғам • 26 Қыркүйек, 2023

Батыр ананың 11-перзенті

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғи өсімі жоғары Түркістан облысында дәрігерлер сүйін­шілеп, елге тағы бір жағымды хабарды жария етті. Облыстық №1 перинаталдық орталықта 40 жастағы ана 11-баласын өмірге әкелді. Дәрігерлердің көмегімен, отасыз.

Батыр ананың 11-перзенті

Орталықтағы дәрігерлердің мәлімдеуінше, ана мен сәбидің жағдайы жақсы. Сарыағаштық Айнагүл ана он бірінші перзентін де отасыз өзі босанған. Дәрігерлер 40 жастағы әйелдер арасында мұндай жағдай сирек кездесетінін айтады. «Батыр ана» отбасында бауыры мен анасын күтіп отырған 5 ұл, 5 қызымен қуана қауышпақ.  Көпбалалы ананың тұңғышы – 21 жаста. Ал 11-перзентін отбасымен кеңесіп, Мұстафа деп атапты. Бала күтіміне байланысты үйде отырған Айнагүлдің күйеуі – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам.

Айта кетелік, №1 облыстық перинаталдық орталықта жыл басынан бергі 8 айда 36 118 бала дүниеге келген. Олардың ішінде 413 егіз, 4 үшем бар.

 

Түркістан облысы