Спорт • 27 Қыркүйек, 2023

Самбодан өткен әлем кубогінде Қазақстан құрамасы 13 медаль алды

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның Нови-Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем кубогі өтті. Бозкілем бəсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самбодан өткен әлем кубогінде Қазақстан құрамасы 13 медаль алды

Фото: drs_kz инстаграм

Спортты дамыту дирекциясы жеңіс тұғырынан көрінгендердің тізімін жариялады:

Спорттық самбодан 58 кг салмақта Елемесов Әділет 2-орын, 71 кг салмақта Қуатай Арнұр 1-орын, Бейбіт Ғазиз 3-орын, 88 кг салмақта Қойшыбаев Еламан 1-орын, 98 кг салмақта Зекенов Əлібек 3-орын алды.

Жауынгерлік самбодан 58 кг салмақта Тұрымбетов Арман 2-орын, Уалиев Мирас 3-орын, 64 кг салмақта Есей Жарас 3-орын, 71 кг салмақта Радионов Виталий 2-орын, 79 кг салмақта Жұмағалиев Жалғас 3-орын, 88 кг салмақта Бобоев Ахмат 2-орын, 98 кг салмақта Абдулла Асқар 2-орын, +98 кг салмақта Жиентаев Талғат 1-орын иеленді.

Айта кетсек, әлем кубогіне еліміздің әйелдер құрамасы қатысқан жоқ. Барлығы ерлер және әйелдерден 16 елдің 108 спортшысы қатысты.