Фото: ашық дереккөз
Министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда қант бағасы төмендеп жатыр
«Қант бағасы 11%-ға төмендеді. Жақында қант бағасы өседі деген болжам жоқ. Қант тапшылығы болмайды. Өткен жылы сондай жағдай туындап, жағымсыз тәжірибе болды. Биыл бұл қайталанбайды», деді Арман Шаққалиев.
Осы тұста министр елде қант зауыттарын несиелендіру және қаржы бөлу арқылы қолдау бағдарламасы қабылданғанын қоса айтты.
«Қазіргі уақытта төрт зауыт 70 мың тоннаға жуық қант өндірді. Біз Ресей Федерациясынан қант әкелінетінін көріп отырмыз, сондықтан жалпы нарықтағы жағдай қалыпты, тапшылық жоқ», деп сендірді Арман Шаққалиев.
Еске сала кетсек, 2022 жылы елімізде қант бағасы 86,6%-ға өсіп, рекордтық деңгейге көтерілген еді.