Фото: Оқу–ағарту министрлігі
Инновациялық шығармашылық жұмыс микроавтобус үлгісінде жасалған. Колледж студенті Бенкс Анарбайдың айтуынша, көлік күн сәулесінен қуат алатын жарықтандыру құрылғыларымен жабдықталған.
Жоба авторының айтуынша, аталған көлік шағын, ыңғайлы, онымен жүк және адам тасымалдауға болады. Жүк салуға арналған бортына лайықталып жасалған үлкен үстелін, орындықтарын және шатырын қажет кезде құрып, кейін қайта жинап қоюға болады. Табиғат аясында демалуға қолайлы әмбебап автокөлікті «Autocamp» деп атапты.
«Autocamp» көлігі қараңғы уақытта күннен жинақтаған жарық арқылы қуатталады.