Спорт • 27 Қыркүйек, 2023

Азиада-2023: Қоржынға екі қола түсті

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден және ушудың саньда түрі бойынша Қазақстан қоржынына екі қола түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азиада-2023: Қоржынға екі қола түсті

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Жүзуден 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында Әділбек Мусин 51.86 секунд уақытта мәреге жетіп, қола жүлдеге ие болды.

Айта кетсек, Ә.Мусин 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында да 2 мәрте қола жүлдеге ие болған еді.

Спорт министрлігі

Ушу-саньда сайысы бойынша ұлттық құрама мүшесі Аян Тұрсын (52 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан бері (ерлер) бар.

Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылған. Әйелдер екі салмақта (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.