Теннис • 27 Қыркүйек, 2023

Бірінші күннің нәтижесі

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында тен­­нистен «Astana Open ATP 250» сана­тындағы турнир өтіп жатыр.

Бірінші күннің нәтижесі

Бәсекенің бірінші күнінде кортқа жарыс ұйымдастырушыларынан Wild card алған ­отандасымыз Тимур Мәуленов шығып, алғашқы айналымда-ақ сүрінді. Маңызды жарыстағы тұсаукесер кездесуін әлемнің 84-ракеткасы франциялық Александр Мюлер­мен өткізген отандасымыз қарсыласынан екі сет­те – 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Сондай-ақ жарыстың бірінші күнінде кортқа шыққан ресейлік Әлібек Качмазов (әлемнің 319-ракеткасы) мажарстандық Фабио Марожанды (92) 6:2, 6:4 есебімен жеңсе, Беларусь өкілі Егор Герасимов (664) бельгиялық Зизу Бергсті (172) екі сетте 6:4, 6:4 есебімен оңай жеңді. Бергс 2021 жылы Алматыда өткен «Челленджер» санатындағы турнирдің финалында жерлесіміз Тимофей Скатовтан басым түскенін айта кеткен жөн.

Сонымен қатар алғашқы айналымда жа­пониялық Таро Даниэль, италиялық Стефано Наполитаноны (7:5, 7:6), аустриялық Игорь Родионов, ресейлік Евгений Донскойды (6:1, 6:2) тағы бір жапониялық теннисші Шо Шимбакюро Грузия өкілі Саба Пуртселадзені (6:0, 2:6, 6:2), бельгиялық Киммер Копьянс, Жаңа Зеландия өкілі Рубин Стэтхемді (6:4, 0:1), Босния және Герцеговина спортшысы Дамир Джумхур, чехиялық Доминик Паланды (7:6, 6:3) жеңіп, келесі айналымға жолдама алды.