Айбын • 28 Қыркүйек, 2023

Ұлттық ұланның үздіктері

232 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ақтөбеде Ұлттық ұлан­ның «Үздік жүргізушісі» және «Үздік БТР экипажы» атағы үшін өтетін байқаудың соңғы кезеңі аяқталды. Байқауды өт­кізудің негізгі мақсаты – әскери жүргізушілердің, БТР экипаж мүшелерінің кәсіби шеберлігін жетіл­діру.

Ұлттық ұланның үздіктері

Сондай-ақ әскери жүргізу­ші­лер қызметінің тиімділігін арт­тыру мен оларды әскери қыз­метке бекіту, әскери бөлім бө­лім­шелерінің неғұрлым кәсіби дайын­далған БТР экипаждарын анықтау, сондай-ақ алдыңғы қа­тар­л­ы бөлімшелердің оң тәжі­ри­бесін зерделеу де назардан тыс қалмады.

Әуелі сынақ құрлықта әскери жүк техникасын жүргізу және БТР басқару бойынша жарыс­тар Ақжар кентінің 6655 әске­ри бөлімінің автодромында өтті. Байқаудың шешуші ке­зеңі­не еліміздің түкпір-түкпі­рінен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты, оның ішінде төрт өңірлік қолбасшылық, Ұлттық ұлан академиясы, сон­дай-ақ тікелей бағыныстағы әс­кери бөлімдер болды. Ал бұ­ған дейінгі бай­қау­дың іріктеу кезеңдері әске­ри бөлімдер, өңірлік қолбас­шылықтар базасында өткен-ді. Жарыс үш күнге созылды. Басында ұландықтар алғашқы медициналық дайын­дық көрсету, әскери техни­каның тех­­­никалық сипаттамаларын айту және оны пайдалану, жол қозға­лысын реттеуге арналған жолаушыларды қолдану бо­йынша жарысты, сондай-ақ олардың жол қозғалысы ере­желері туралы білімдері тексе­рілді.

Ал байқаудың екінші күні Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің «Алға» полигонында өтті. Қатысушылар атыс дайындығы бойынша прак­тикалық сабақтар ба­ры­сын­да жауынгерлік машиналар құрамында ату жатты­ғуларын орындады. Оның ішінде АК-74 нысаналары, сондай-ақ бел­гіленген нысандар бойынша НСВ 12,7 мм ірі калибрлі пулеметтен оқ жаудырды. Сонымен қатар олар БТР-80 көлігінде отырып өзде­рінің табельдік қаруларымен қозғалмайтын және қозғалатын нысандарға оқ жаудырды.

Жалпы, байқаудың ең әсер­лі сайыстары соңғы күні болды. Экипаж мүшелері танкке қарсы арық, жол көпірі, мина-жарылыс жолағы, жал­пы қоршау, тік түсу жә­не көте­рілуді қамтитын ұзын­ды­ғы 5 км-ден асатын жолда ке­дергілерді еңсере отырып, практикалық жүргізуді көр­сет­ті. Байқауға тоғыз бро­не­транс­портер мен 9 әске­ри «КамАЗ» жүргізушісі қатыс­ты. Жол барлығына бірдей болды, тек БТР командасы әлі де ұрыс алаңынан сәтті өтуі керек болды.

Стартқа бірінші болып «КамАЗ» жүргізушілері шық­ты. Байқауға екі көлік бөлін­ді. Экипаждар бірінен соң бірі «се­гіз» санына ұқсас жолды ай­­­на­лып, тар жолдан да өткен соң, «жарылғыш» миналар­дың жанынан өтіп жарысты. Нә­­тижесінде, үш күндік жа­рыс­т­ың жеңімпаздары да анық­тал­ды. Ұлттық ұланның үздік жүр­гізушісі болып 6654 әскери бөлі­мінен келген аға сержант Б.Ах­мет­қалиев танылды. Ал күміс пен қоланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 5516 әскери бөлімінің жүр­г­і­зушісі, аға сержант Ж.Көкен пен 3656 әскери бөлімінің жүргізушісі сержант Е.Бедешев өзара бөлісті.

«Ең бастысы, батылдық керек. Сондай-ақ ұстамдылық пен жүргізушінің жақсы жүрісі де маңызды. Қалғанының бәрі де соған байланысты. Мен экстремалды және адреналинді сезіндім. Бір сөзбен айтқанда, өз нәтижеме ризамын, финал­дық жарыста лайықты жеңіске жеттім», дейді жарыс туралы сержант Бауыржан Ахмет­қалиев.

Содан кейін кедергілер жо­лағына БТР экипаждары шықты. Бұл жарыстардың ерекшелігі – экипаждар бір-бі­­рімен үнемі жұмыс істе­мей­ді. Олардың құ­рамында ке­­лісімшарт бойынша әскери қыз­метшілер де, арнайы дайын­­дықтан өткен және осын­­­­дай күрделі техникаға жі­­бе­­ріл­ген мерзімді сарбаздар да бар. Эки­паждар БТР-ге қар­сы қол­данылатын арық, «жылан», көтерме көпір, миналанған өткел, габаритті аула, габаритті «се­гіздік», тік көтерілу және түсу, теміржол өткелі, аппарель, косогор сияқты кедергілерді еңсерді.

«Бронетранспортер жүр­гі­зушілерінің кәсіби шебер­ліктерін тамашалау ерекше әсер береді. Алдымен олар шұңқырды, көтер­ме көпірді еңсеру, жылдам­дықпен көтерілу және тоқтау, сондай-ақ атыс тәсілдерін орындауы керек. Бұл ретте олар кідірместен, артқа шегінбей қозғалып, қабырғалар мен шектеу тіректерін соғып алмауы қажет. Осы жолы БТР экипаждары әртүрлі дәрежедегі кедергілерге тап болды», деп атап өтті 3656 әскери бөлімі командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, подполковник Нұрсейіт Қамбаров.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші жалпыко­мандалық орынды 6654 әскери бөлімінің командасы, екінші орынды «Орталық» өңірлік қолбасшы­лығының командасы, үшінші орынды «Батыс» өңірлік қолбас­шылығының командасы жеңіп алды.

Айтпақшы, Ұлттық ұлан­ның «Үздік жүргізушісі» және «Үздік БТР экипажы» бай­қауының соңғы экстремал­ды кезеңіне құрметті көрермен ретінде «Аяла» балаларды оңал­ту орталығының тәрбиеле­нушілері шақырылды. Мұнда балалар үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Өз кезе­гінде Ұлттық ұлан Бас қол­басшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары генерал-майор Константин Бас қолбасшысының атынан кеңсе керек-жарақтарын сыйға тартып, балаларды қуантты.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024