Әкімнің пікірінше, тұрғындармен кездесуде жиі көтерілетін мәселенің бірі – мектептерді арнайы автобуспен қамту жайы. Мәселен, өткен жылы оқушылар 49 автокөлікпен тегін тасымалдаған. Енді биылғы жаңа оқу жылында 60 елді мекендегі 4 561 оқушыны тасымалдау жоспарланды. Бұған 1,4 млрд теңге қосымша бөлініп, 23 автобус сатып алу көзделіпті.
– Тұрғындардың өтінішін ескеріп, мектептер үшін елімізде шығарылған автобустарды сатып алдық. Бұл көлікпен оқушылар тасымалданады. Мақсат – еліміздің келешегі саналатын бүгінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Оқушыларға сапалы білім мен тәрбие беріп, қолайлы орта қалыптастыруымыз қажет. Ең мықты инвестиция – бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытуға, білімге салынған инвестиция, – дейді Серік Шәпкенов.
Жеті аудан мен Атырау қаласындағы 15 білім беру ордасына 15 автобус берілді. Енді қазан айында тағы 8 автобус жеткізіледі. Сары түсті автобуста 36 орын және ерекше балаларға арнайы құрылғы, бейнекамера бар.
Атырау облысы