Фото: gov.kz
Стенд ату: Сапында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Ольга Панарина бар Қазақстанның әйелдер командасы скит бағдарламасында алтын медаль жеңіп алып, Азия ойындарында рекорд (350 балл) жасады. Ал жекелей сында Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды.
Жүзу: Ваттерфляй әдісімен (100 метр) жүзудің финалдық кезеңінде Әділбек Мусин 51.86 секундта мәреге жетіп, қола медаль еншіледі.
У-шу саньда: 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Аян Тұрсын қола жүлдеге ие болды.
Бокс: Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай (50 кг) Непалдан келген қарсыласы Сусма Тамангты – 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты, ал Сағындық Тоғамбай моңғолиялық Бариахаан Доржды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Кешкі сессияда Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) Тәжікстаннан келген боксшы Баходур Усмоновты 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Теннис: Аралас жұпта Жібек Құламбаева мен Григорий Ломакин 32 минут ішінде Тәжікстаннан келген қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне шықты.
3x3 баскетбол: Қазақстанның әйелдер командасы Непал құрамасын 17:10 есебімен жеңді.
Гандбол: Қазақстан әйелдер командасы топтық іріктеу кезеңінде Өзбекстан құрамасын 37:33 есебімен ұтты.
4-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 2 күміс және 7 қола жүлде бар.