Президент • 29 Қыркүйек, 2023

Мемлекет басшысы STADA Group компаниясының вице-президенті Кристос Галлиспен кездесті

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында денсаулық сақтау және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы STADA Group компаниясының вице-президенті Кристос Галлиспен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев STADA компаниясы денсаулыққа қажетті тұтыну тауарлары сегментінде Қазақстан нарығындағы көшбасшылардың үштігіне кіретінін атап өтті. Президенттің айтуынша, Алматы қаласында компания кеңсесінің ашылуы – табысты және қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастықтың айқын дәлелі.

Мемлекет басшысы Қазақстанда биотехнологиялық кластер құру жұмысы белсенді жүргізіліп жатқанына назар аударды.

Президенттің пікірінше, QazBioPharm ұлттық холдингімен ғылыми-зерттеу және өндіріс саласында бірлесе жұмыс істеу үшін STADA компаниясына зор мүмкіндік ашылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев германиялық компанияны бірлескен зерттеулер жүргізіп, әзірлемелер дайындауға, өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және мамандардың біліктілігін арттыруға шақырды.

Кристос Галлис ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытып, компанияның Қазақстандағы медициналық жобалар мен бағдарламаларға инвестиция құю мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

STADA – жоғары сапалы дәрі-дәрмек өндіретін жетекші компаниялардың бірі. Компания өз өнімдерін әлемнің 120 елінде сатады.

Иь