Президент • 29 Қыркүйек, 2023

Қазақстан-Германия арасындағы ынтымақтастық нығая береді

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент адами капиталды дамыту және инвестиция тарту мәселесін ынтымақтастықтың өзекті бағыттардың бірі ретінде атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан-Германия арасындағы ынтымақтастық нығая береді

Адами капитал саласында қазірдің өзінде Каспий мемлекеттік университетінің жанынан Қазақстан-Германия инженерлік институтын және Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жанынан Қазақстан-Германия ғылым және технология институтын ашу бастамасы көтерілді. Инвестиция тарту үшін Қазақстан «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы арқылы шетел инвесторларына барлық мүмкіндікті жасап отырғаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия бизнесмендерін Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндіріс орындарын ашуға және озық неміс технологияларын енгізуге бағытталған жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Германия экономикасының Шығыс комитеті – Германия Федеративтік Республикасының Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азиядағы 29 елге арналған аймақтық бастамасы.

Шығыс комитетіне Германия экономикасының алты жетекші одағы қолдау көрсетеді және оған 400-ге жуық компания мүше.