Теннис • 29 Қыркүйек, 2023

Кукушкиннен қайыр болмады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан теннистен «Astana Open ATP 250» турнирінің ірік­теу кезеңі аяқталып, негізгі бәсекеге жол­дама алған теннисшілердің есімі бел­гілі болды. Өкінішке қарай, іріктеу сайыс­тарында өнер көрсеткен бірде-бір жер­лесіміз негізгі кезеңге шыға алмады.

Кукушкиннен қайыр болмады

Жарыстың алғашқы күнінде кортқа шыққан отандасымыз Тимур Мәуленов өзінің тұсаукесер кездесуінде әлемнің 84-ракеткасы франциялық Александр Мюлерден 4:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалса, әлемнің 246-ракеткасы Михаил Кукушкин Португалияның бірінші ракеткасы Нуно Боргештен (86) айласын асыра алмады – 7:5, 6:7 (6:8), 4:6. Осылайша, өз елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекеде ел намысын еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик қана қорғайтын болды.

Турнирдің негізгі кезеңінде өнер көрсеткен әлемнің 85-ракеткасы ресейлік Александр Шевченко Нидерланд өкілі Ботик Ван де Зандшульптен (68) 6:4, 6:3 есебімен басым түссе, сербиялық Хамад Меджедович (120) отандасы Ласло Дьереден (37) айласын асырып, жарыстың екінші айналымына жолдама алды – 6:3, 2:1. Сонымен қатар іріктеу сайыстарының финалында бақ сынаған Егор Герасимов (Беларусь), Әлібек Качмазов (Ресей), Юрий Родионов (Аустрия), Шо Ши­ма­букуро (Жапония) негізгі кезеңге шықты.