Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында 18-турдың кейінге қалдырылған матчында тағы бір оңтүстіктің командасы «Мақтааралды» қабылдап, 1:0 есебімен басым түсті. Ойындағы жалғыз әрі жеңіс голын матчтың 61-минутында Бобур Абдухаликов соқты. Ал шымкенттік команданы турнир кестесінде өкшелеп келе жатқан елорданың «Астанасы» да 18-турдағы кейінге шегерілген матчта Көкшетаудың «Оқжетпесін» 5:2 есебімен қапы қалдырды. «Астана» сапынан Марин Томасов хет-трик жасаса, Абат Айымбетов пен Дембо Дарбо қанжығасын бір голмен майлады. Ал «Оқжетпес» клубынан Алексей Татаев пен Самат Сәрсенов мергендігімен көзге түсті.
Сондай-ақ 15-тур ойынын өткізген Петропавлдың «Қызылжары» мен Қостанайдың «Тобылы» 1:1 есебімен тең тарқасты. Ойынның бірінші таймында Ислам Чесноков «Тобылды» алға шығарса, екінші таймда Евгений Шахов өз қақпасына гол соғып алды. Ел чемпионатының 24-тур ойындары 30 қыркүйек пен 1 қазан күндері өтеді.