Хоккей • 29 Қыркүйек, 2023

Браккодан бас тартты

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың «Барысы» былтырғы маусымда команданың ең үздік сұрмергендерінің бірі болған америкалық Джереми Бракконың қызметінен бас тартқанын мәлімдеді.

Браккодан бас тартты

«Шабуылшы Джереми Бракко бас тартылған ойыншылар тізіміне енгізілді. 48 сағат ішінде ҚХЛ-дің кез келген клубы хоккейшіге ұсыныс жасай алады. Тұрақты біріншіліктің осы маусымында Бракко «Барыс» сапында алты матч өткізіп, бір шайбамен көзге түсті» делінген клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Америкалық шабуылшы елордалық клуб­тың қатарына ҚХЛ-дің былтырғы маусымында қосылған болатын. Өткен жылғы тұрақ­ты біріншілік ойындарында ол 59 матч өткізіп, ­14 шайба соққан. Сонымен қатар 26 мәрте әріп­тестерінің гол соғуына жағдай жасап берген.