Спорт • 29 Қыркүйек, 2023

Азиада-2023: Қазақстан семсерлесуден «алтынға» таласады

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан құрамасы командалық жарыста жартылай финалда Гонконг командасымен сайысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азиада-2023: Қазақстан семсерлесуден «алтынға» таласады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Құрамында Елмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов пен Ерлік Сертай (запастағы ойыншы) бар семсерлесушілер финал жолдамасын иелену үшін Гонконг командасымен сайысып, барлық жекпе-жек қорытындысы бойынша 45:30 есебімен жеңіске жетті. Гонконг командасы қоланы қанағат тұтты.

Семсерлесуден финалға шыққан Қазақстан құрамасы Жапониямен «алтынға» таласады. Шешуші ойын Астана уақытымен 16:35-те өтеді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

55 жыл жасаған «Садзаэ ханым»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

98 түрлі «Күлше қыз»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:55

Қардан мүсін тұрғызды

Өнер • Бүгін, 07:40

382 тілде сөйлеген «Кішкентай ханзада»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35