«Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығымыз да мүлде жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Linde компаниясының карбамид өндірісіне арналған газды толық өңдеу жобасын жүзеге асыру бұл іске тың серпін береді. Инвестицияның жалпы көлемі 1,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр», деді Президент.
Мемлекет басшысының пікірінше, көмірсутегі шикізатын жеткізу, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін күшейту, көлік-транзит және қаржы салаларындағы кооперация өзара қарым-қатынастың басқа да басым бағыттарының қатарына кіреді.
Президент кездесуге қатысушылардың назарын орнықты даму және жасыл экономика салаларында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына аударды. – Қазақстан аймақтық климат мәселесін ілгерілетуге жан-жақты атсалысуға дайын. Біз неміс серіктестерімізді 2026 жылы БҰҰ аясында Қазақстанда өтетін Аймақтық климаттық саммитке қатысуға шақырамыз. Біз 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде міндеттеме алдық. Алайда ол үшін бізге экономиканы айтарлықтай жаңғыртып, «жасыл» технологияға 600 миллиард доллардан астам инвестиция тарту қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент сөз соңында аталған кездесудің қорытындысы Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтетіне сенім білдірді.