Спорт • 01 Қазан, 2023

Азиада-2023: Жетінші жарыс күнінің нәтижесі

1152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында 30 қыркүйек – жарыстың жетінші күнгі жалпы нәтижесі бойынша Қазақстан командасы споршылары финалға өтті, деп жазады Egemen.kz

Азиада-2023: Жетінші жарыс күнінің нәтижесі

Фото: news.cn

Бокстан Азия ойындарының жартылай финалына өткен Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) әлем чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаевты (Өзбекстан) мерзімді уақытынан бұрын жеңді. Тағы бір боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев  (+92 кг) Бахрейн боксшысы Данис Латыповты 5:0 есебімен жеңіп, Азиаданың жартылай финалына өтті.

Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан спортшылары Азия ойындарының финалында бірден 5 түрлі сайыс бойынша бақ сынайды.

Волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 3:0 есебінде Ауғанстаннан озық шықты.

7-ші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс, 19 қола бар.