Спорт • 01 Қазан, 2023

Азиада–2023: Қоржынға стенд атудан қола медаль түсті

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азия ойындарында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста Қазақстанның қыздар құрамасы қоржынға қола медаль салды, деп жазады Egemen.kz.

Азиада–2023: Қоржынға стенд атудан қола медаль түсті

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қыздар құрамасы ( Мария Дмитриенко, Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина) 316 ұпаймен 3-орын алды.

Айта кетсек, дәл осы сайыстан Қазақстан командасы 2014 жылы 1 орын алып, чемпион атанған.

Ал Мария Дмитриенко жеке сайыста 2014 жылы алтын, 2018 жылы қола медаль алған.