Теннис • 01 Қазан, 2023

Жарыс жолынан шығып қалды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өтіп жатқан теннистен «ATP 250 Astana Open» санатындағы турнирдің жекелей сынында бірде-бір отандасымыз ширек финалға дейін жете алмады.

Жарыс жолынан шығып қалды

Турнирді екінші кезеңнен бастаған еліміздің ерлер арасындағы бірінші ракет­касы Александр Бублик бастапқы бәсеке­сін­де әлемдік рейтингте 58-орында тұр­ған аустриялық Себастьян Офнермен шебер­лік бай­қасты. Бір сағаттан сәл аса уақытқа созылған матчта отандасымыз қарсыласына екі сетте 4:6, 2:6 есебімен жол берді. Бублик­ті жеңген Себастьян Офнер 1/4 финалда өз ­отандасы Доминик Тиммен кездеседі.

Ал жұптық сында бақ сынаған Александр Недовесов жартылай финалға бір қадам жетпей тоқтады. Отандасымыз эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге 1/4 финалда Ариэль Беар (Уругвай)/Адам Павласекке (Чехия) 3:6, 6:4, 5:10 есебімен есе жіберді.