Спорт • 02 Қазан, 2023

Милад Карими «Париж–2024» жолдамасын жеңіп алды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгияның Антверпен қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында спорттық гимнастикадан Қазақстан спортшысы Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.

Милад Карими «Париж–2024» жолдамасын жеңіп алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Милад Карими жарыс нәтижесінде көпсайыстан жеке өзіне лицензия берілген 8 гимнасттың бірі.

Аталған əлем чемпионатында Қазақстан спортшысы М.Карими алдағы күндері көпсайыста, еркін жаттығуда, керме жаттығуының финалында жүлдеге таласады.

Командалық жаттығу қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы лицензия ала алмады.