Фото: pexels.com
Энергетика министрлігінің мәліметінше, жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында басталған.
Ведомствоның хабарламасында: «Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96%-ы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілді. Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша 90 әлеуметтік нысанның 26 немесе 28,8%-ы қосылған. Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86 немесе 35,8%-ы қосылған», делінген.
3 қазанда Алматы облысында, 10 қазанда Ұлытау облысында, 15 қазанда Алматы, Абай облысында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында жылытуға қосылу күтіліп отыр.
Жылыту маусымын Шымкентте 20 қазаннан, Түркістан облысында 25 қазаннан бастау жоспарланған.