Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
Әділет министрлігінің, республикалық нотариаттық палата мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция азаматтарға нотариусқа бармай-ақ нотариат куәландырған құжаттарды бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптылардың келісімін талап ететін құжаттарды рәсімдеу eGov mobile қосымшасының «eNotary» бөлімінде қолжетімді. Қызметті пайдалану үшін онлайн режімде биометриялық тексеруден өту керек. Нотариус тұтынушының деректерін тексергеннен кейін келісім расталса, нотариалды куәландырылған құжат жасалады. Бейнеқоңырау аяқталғаннан кейін пайдаланушы «Нотариаттық іс-әрекеттер» бөлімінде өтінімнің мәртебесін көре алады. eGov mobile қосымшасының «Цифрлы құжаттар» бөліміндегі QR кодты сканерлеу арқылы бейнекамераның көмегімен ресми куәландырылған сенімхаттың түпнұсқалығын тексеруге де болады. Жаңа сенімхат «Цифрлы құжаттар» бөлімінде қолжетімді.
– Биыл сәуір айында eGov mobile қосымшасында «eNotary» қызметі іске қосылды әрі қазіргі кезде ол сұранысқа ие қызметтердің қатарында. Азаматтардың осы қызметті пайдалана отырып, әлемнің кез келген нүктесінен қажетті құжатты куәландыруға мүмкіндігі бар. Бұл қызмет ыңғайлы, өйткені құжаттарды рәсімдеуге нотариусты іздеп, оған барудың қажеті жоқ. Енді ерлі-зайыптылардың келісімін бірнеше минут ішінде онлайн режімде алуға болады, – деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.