Теннис • 02 Қазан, 2023

30-ракетканы жеңді

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың бас шаһары – Бейжіңде теннистен АТР және WTA 1000 сана­тындағы осы жылға жоспарланған тоғыз турнирдің сегізінші жарысы басталды.

30-ракетканы жеңді

Аталған бәсекеде еліміздің бес спортшысы бақ сынап жатыр. Жарыстың іріктеу кезеңі­нен бастаған әйелдер арасындағы Қазақ­стан­ның екінші, әлемнің 73-ракеткасы Юлия Путинцева негізгі бәсекенің бірінші айналымында әлемнің 30-ракеткасын тізе бүктірді. Чехиялық Мария Боузковамен шеберлік байқасқан отандасымыз қарсыласынан екі сағат 7 минутқа созылған тартысты бәсеке­де 6:2, 7:6 (7:5) есебімен басым түсті. Юлия матч барысында 13 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланса, қарсыласы 2 эйс пен 3 брейк ­(9 брейк-пойнт) жасады. Енді Ю.Путинцева 1/8 финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы франциялық Каролин Гарсиямен кездеседі.

Ал кеше кешкісін еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда Қытайда өтіп жатқан Азия ойындарының жекелей бәсекесінде топ жарған қытайлық Синвэнь Женмен ойнап, жеңіске жетті. Сондай-ақ ерлер арасында бақ сынап жатқан жерлестеріміз – Денис Евсеев, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының жартылай финалдық кездесулерін өткізді.