Футбол • 03 Қазан, 2023

Нақты тізім бекітілді

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама­сының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 аясындағы Дания (14 қазан) және Финляндия (17 қазан) құрамаларымен өтетін матчтарға ша­қырту алған ойыншылардың нақты тізімін жариялады.

Нақты тізім бекітілді

Қорытынды тізімге 27 футболшы енді. Атап айтқанда, қақпашылар – Игорь Шацкий («Шахтер»), Александр Заруцкий («Астана»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ер­ланов (екеуі де – «Ордабасы»), Бағдат Қайы­ров («Тобыл»), Ян Вороговский, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов (барлығы – «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағы­берген («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Копер», Словения), Максим Самородов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат (барлығы – «Астана»), Бақтиер Зайнут­динов («Бешикташ», Түркия), Самат Жарын­бетов, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Александр Зуев (ИМТ, Сербия);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Вла­дислав Прокопенко (екеуі де – «Астана»), Иван Свиридов («Шахтер»). Оқу-жаттығу жиы­ны 6 қазанда Алматыда басталады.