Президент • 03 Қазан, 2023

Президент «Шелл» концернінің жиынына қатысты

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы «Шелл» концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды  Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Президент «Шелл» концернінің жиынына қатысты

Фото: akorda.kz

Президент салтанатты шарадағы сөйлеген  сөзінде  халықаралық «Шелл» энергетикалық концерні еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі екенін айтты. Мемлекет басшысы  «Шелл» концернінің Қазақстандағы қызметінің 30 жылдығы сала тарихындағы маңызды кезең саналатынын да жеткізді.

– Қиын-қыстау жылдары «Шелл» экономикамызға қомақты инвестиция құйып, жаңа технология, ғылыми жетістіктер мен басқарудың баға жетпес тәжірибесін әкелді. Біз компанияның бұл еңбегін жоғары бағалаймыз. Соңғы 30 жылда «Шелл» ел экономикасына 18 миллиард доллардан астам инвестиция салып, Қазақстандағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі ретіндегі позициясын нығайтты, – деді Мемлекет басшысы.

шел ауысады

«Президент «Шелл» концерні басқа да серіктестермен бірге елімізде ауқымды мұнай-газ жобаларын белсенді жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Компания әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсаты кен орындарының бірі – Қарашығанақтың операторы саналады. Қарашығанақты кеңейту жобасының кезеңдерін уақтылы іске асыру сұйық көмірсутегін өндіруді 10-11 миллион тонна деңгейінде сақтауға ықпал етеді. – «Шелл» концернінің және басқа да акционерлердің үйлесімді жұмысы Қашағанның «ғасыр жобасын» іске қосуға мүмкіндік берді. Бүгінде Солтүстік Каспий жобасы жаһандық энергия нарығында маңызды рөл атқарады және еліміздегі мұнай өндірісінің 20 пайызын қамтиды. Көмірсутегін өндіруден басқа, оларды әлемдік нарықтарға тасымалдау үшін инфрақұрылым құрудың маңызы зор. Бұл бағыттағы алғашқы табысты жоба – Каспий құбыр консорциумы. Оны жүзеге асыруға «Шеврон», «ЭНИ», «Шелл», «Лукойл» және тағы басқа жетекші мұнай компаниялары қатысты, – деді Президент. Мемлекет басшысы Қазақстанда трансұлттық мұнай-газ корпорацияларының еңбек етуі еліміздің жоғары инвестициялық тартымдылығын көрсететінін, соның ішінде инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бағытындағы заңнаманың тұрақты сақталатынын айтты», делінген хабарламада.