Президент • 03 Қазан, 2023

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының майталмандарын марапаттады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы «Шелл» концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында компанияның бірқатар қызметкерін Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға сіңірген ерекше еңбегі үшін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды  Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының майталмандарын марапаттады

Фото: akorda.kz

«Шелл» концернінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен  марапаттады. «Қазақстандағы «Шелл» концерні төрағасының орынбасары Құралбек Келжанов III дәрежелі «Барыс» орденімен, мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі менеджер Дияс Жұбандықов «Құрмет» орденімен, еңбек ресурстары және сервистік қамтамасыз ету жөніндегі директор Сұлушаш Ізбасарова және кен орындарын игеру жөніндегі менеджер Ғаділбек Өксікбаев «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды», делінген хабарламада.