Жерлесіміз аталған бәсекенің алғашқы кезеңінде биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен шеберлік байқасып, қарсыласын екі сетте еш қиындықсыз қапы қалдырды. Бірінші партияда Рыбакина екі брейк жасап, 6:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте де сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2.
Өкінішке қарай, Юлия Путинцева екінші кезеңде әлемнің 10-ракеткасы франциялық Каролин Гарсиядан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Алғашқы сетте Каролин мықтылық танытқанымен (6:3), екінші партияда Юлия дәл сондай есеппен қарымта қайтарған-ды – 6:3. Дегенмен шешуші сетте франциялық теннисші бір брейк жасап, бәсеке тағдырын өз пайдасына шешті – 6:3.