Теннис • 04 Қазан, 2023

Елена – екінші кезеңде

1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Бейжің­де өтіп жатқан теннистен әйелдер арасындағы WTA 1000 турнирінің екін­ші айналымына жолдама алды.

Елена – екінші кезеңде

Жерлесіміз аталған бәсекенің алғашқы кезеңінде биылғы Азия ойындарының жеңімпазы, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женмен ше­берлік байқасып, қарсыласын екі сетте еш қиын­дықсыз қапы қалдырды. Бірінші партия­да Рыбакина екі брейк жасап, 6:1 есебімен жеңіске жетсе, екінші сетте де сол қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:2.

Өкінішке қарай, Юлия Путинцева екінші кезеңде әлемнің 10-ракеткасы франциялық Каролин Гарсиядан жеңіліп, жарысты ерте аяқтады. Алғашқы сетте Каролин мықтылық танытқанымен (6:3), екінші партияда Юлия дәл сондай есеппен қарымта қайтарған-ды – 6:3. Дегенмен шешуші сетте франциялық теннисші бір брейк жасап, бәсеке тағдырын өз пайдасына шешті – 6:3.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13