Спорт • 04 Қазан, 2023

Әзербайжанға сапар шегеді

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы қазан айында 2024 жылғы әлем чем­пионатының элиталы іріктеу кезеңі аясында Әзербайжан құрамасымен екі матч өткізеді.

Әзербайжанға сапар шегеді

Ұлттық құраманың бас бапкері Рикар­до Кака бірер күн бұрын сол ойындар­ға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Жалпы тізімге 16 ойыншы енді. Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»); Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ақжол Дәрібай (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Расул Абдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия).

6 қазанда Қазақстан футзал құрамасы Әзербайжанмен Бакуде ойнаса, 11 қазанда дәл осы құраманы Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.