Спорт • 04 Қазан, 2023

Бұйырғаны бесінші орын

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен 60 келі салмақта жартылай финалға жеткен Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының күміс жүлдегері Аята Сузукиден аса алмады, деп жазады Egemen.kz.

 

Бұйырғаны бесінші орын

Фото: kazsports.kz

Ал қола медаль үшін тартыста Солтүстік Кореядан келген Сын Риге есе жіберді.

Жазғы Азия ойындарын Айдос тәуір-ақ бастаған. Алғашқы айналымда Тайбей спортшысы Чи Хуанды айқын ұтты. Ширек финалда әлем чемпионы - Иранның үміті Мейсам Далханиден жеңісті жұлып әкетіп мерейімізді өсірген еді.

Айдос әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль олжалады, Азия чемпионы атанды. Жазғы Азия ойындарының медаль алуға келген балуанның бұл жолғы биігі бесінші орын болды.