ANTIKOR • 04 Қазан, 2023

«СҚ-Фармация» компаниясы жемқорлық тәуекеліне тексеріледі

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі денсаулық сақтау саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«СҚ-Фармация» компаниясы жемқорлық тәуекеліне тексеріледі

Фото: Tengrinews.kz

Талдау шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алу, ауруханалар мен емханаларды салу және жөндеу, сондай-ақ медициналық мекемелер қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қоры және «СҚ-Фармация» ЖШС қызметі мәселелері зерттеледі.

Талдау Агенттіктің, Денсаулық сақтау министрлігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен жүргізіледі.

«Егер Сізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпарат болса немесе денсаулық сақтау саласын жетілдіру бойынша ұсыныстар болса оларды электрондық поштаға жіберуіңізге болады [email protected]» делінген ANTIKOR хабарламасында.