Теннис • 05 Қазан, 2023

Үшінші айналымға шықты

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйелдер арасындағы еліміздің бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Қытайда өтіп жатқан WTA 1000 тур­нирінің үшінші айналымына жолдама алды.

Үшінші айналымға шықты

2021 жылғы Уимблдон додасының же­ңімпазы Рыбакина Бейжіңдегі турнирдің алғашқы айналымында жарыс қожайы­ны, әлемдік рейтингте 23-орында тұрған қытайлық Синвэнь Женді екі сетте 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірсе, екінші кезеңде 36 жастағы германиялық Татьяна Мариямен шеберлік байқасты. Дүниежүзілік рейтингте 53-орында тұрған Татьяна да отан­дасымыздың қарқынына төтеп бере алмады. Бір сағат 11 минутқа созылған матчтың бірінші партиясында Рыбакина 7:5 есебімен басым түссе, екінші сетте қарсыласы­на бірде-бір гейм бермей, 6:0 нәтижесімен бет қаратпай жеңді. Ойын барысында Е.Рыбакина 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Т.Мария 1 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Сондай-ақ Шанхайдағы «Мастерс» санатындағы «мыңдық» турнирінің іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен үш жерлесіміз – Бейбіт Жұқаев, Денис Евсеев және Михаил Кукушкин жарыстың негізгі бәсекесіне қосылды. Іріктеу бәсекесінің финалында Д.Евсеев тайпейлік Тун-Лин Вуден, Михаил Кукушкин аустралиялық Люк Сэвилден, Бейбіт Жұқаев чехиялық Доминик Паланнан басым түсті.