Бокс • 04 Қазан, 2023

Рейтингте көтерілді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кәсіпқой бокс шаршы алаңында жұды­рықтасып жүрген еліміздің жас талантты боксшылары Бек Нұрма­ған­бет (11-0, 9 КО) пен Әбілхан Аманқұл (4-0-1, 4 КО) әлемдік рейтингте жоға­рылады.

Рейтингте көтерілді

Боксшылардың статистикасын жүргі­зетін әйгілі Boxrec.com сайтының мәлі­ме­ті бойынша, екінші орта салмақта өнер көр­сететін 25 жастағы Б.Нұрмағанбет ең кейінгі жекпе-жегінен кейін әлемдік рейтингте алты саты жоғарылап, 47-орын­нан 41-орынға тұрақтады. Ал орта салмақта жұ­дырықтасатын 26 жастағы Ә.Аманқұл сегіз орын жоғарылап, 70-сатыға жайғасты.

Айта кетейік, екі боксшымыз кейінгі айқас­тарын 1 қазан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Джермалл Чарло арасындағы бокс кешенінің андеркардын­да өткізген еді. Бек Нұрмағанбет нигерия­лық Абимбола Осундаироны (5-1, 3КО) үшін­ші раундта нокаутпен жеңсе, Әбілхан Аман­құл америкалық Джошон Джеймспен (7-0-2, 4КО) төрешілердің шешімімен тең түсті.