Жәдігер • 04 Қазан, 2023

Сұлтанмахмұттың жаңарған жыр жинағы

254 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Сұлтанмахмұттың осыдан 90 жыл бұрын латын қарпінде шыққан өлеңдер жинағы сақтаулы тұр. Қазақтың ойшыл ақынының сирек кездесетін кітабы биыл жергілікті университеттің қолдауымен реставрациядан өтіп, бірнеше данада басылды.

Сұлтанмахмұттың жаңарған жыр жинағы

Бұл кітап сонау 2014 жылы музей қыз­меткерлерінің күш-жігерімен Алматыдан жет­кізілген. Жұлдызы ерте сөнген ақынның соңында екі роман, бес поэма және көптеген өлеңі мен очерктері қалды. 1933 жылы Қызылордадан латын қарпінде басылып шыққан «Толық шығармалар жинағы» деп аталатын жинаққа ақынның өлеңі, әңгімелері және поэмалары топтастырылған. Отты жырларымен Алаштың алдаспанына айналған тұлғаның шығармаларын Жүсіпбек Аймауытұлы он жылдай жинақ­тап, алғы сөзін жазып, баспаға тапсырған. 1927 жылғы 15 қарашада Алаш арысының Мәшһүр Жүсіпке жазған хатында: «Сұл­танмахмұт сөздерін былтыр түгел жинап, үлкен кітап қылып, баспаға бергенмін. Одан басылады деген хабар алып отырмын...» делінген екен. Алайда сол тұста Жүсекеңнің өзі «халық жауы» деген жал­ған жаламен ұсталып, атылып кеткен соң, бұл кітаптың алғысөзін Сәбит Мұ­қанов жазған. Абайтанушы ғалым Қайым Мұ­хамедханов бір еңбегінде: «Жү­сіпбек болмаса Торайғыровтың толық жина­ғының шығуы, оның толық өмір тарихын білуіміз неғайбіл еді» деп жазатыны да содан.

па

– Бұл жинақ Қазақстанның халық ақыны Дихан Әбілевтің үйінде сақталған екен. Алматыға барған сапарымда сол кісінің үйіне арнайы барып, жерлесіміздің осы еңбегін қолға түсірдім. Қазіргі күні музейдегі құнды жәдігерлердің қатарын толықтырып тұр. Өлеңдер жинағы Алма­тының кітапханаларында бар-жоғын біл­меймін. Бірақ Павлодардың өзге му­зей­­лерінен де, кітапханаларынан да тап­­­пай­сыз, – дейді музей басшысы Ербол Қайыров.

Қысқа ғұмырында соңына өлмес рухани қазына қалдырған ақынның 130 жылдық мерейтойына орай биыл Бұқар жырау атын­дағы әдебиет және өнер музейінің ық­па­лымен, С.Торайғыров университетінің де­меу­­шілігімен таңдамалы шығармалар жи­на­ғы қайта қалпына келтіріліп, реставрация жа­салды.

ва

С.Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықовтың айтуынша, кітаптың реставрациясы елордада жасалып, екі данада шығарылған. Еркін Тоқмұхамедұлы оның бірін Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне қалдыруды жөн деп шешсе, екіншісін ақынның Баянауылдағы мемориалдық мұражайына табыс етті.

 

Павлодар облысы