Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Оған себеп, өткен айдың басынан бері уран өндірушілер – 33%-ға, ал мұнай өндіруші компаниялардың акциялары – 8%-ға рекордтық деңгейде өскен.
Ұсынылған ақпарат көздеріне қарағанда, шетел валютасына деген сұраныс ұсыныстан тағы да асып түсіп, USD/KZT бағамының айтарлықтай өсуіне әкелген. Сауда-саттық нәтижесінде орташа сараланған бағамы бір долларға 477,05 теңгеге (+3,06 теңге) дейін көтеріліп, сауда көлемі 173,1 млн долларды (+50,5 млн) құраған. Шетел валютасын сатып алу ішкі факторлардың әсерінен мәселен,импорт үшін төлем, сыртқы міндеттемелерге қызмет көрсету, айырбас бағамындағы күтулерді қайта қарау, сонымен қатар мұнай бағасының төмендеуі, инвесторлардың тәуекелден бас тартуы мен жаһандық доллар индексінің нығаюынан болғанға ұқсайды.
Ақша нарығының индикативтік бағамдары біршама өзгеріп,TONIA 17,06-дан 17,13%-ға дейін өссе, SWAP 12,28-ден 12,22%-ға дейін төмендеген. Сауда көлемі жыл басынан бері орташа мәннен (817 млрд) айтарлықтай жоғары болып, 1,4 трлн теңгені (35 млрд теңге) құрады.
Ұлттық банк ұсынған апта сайынғы депозиттерге қарағанда нарықтық сұраныс төмен болып (92 млрд теңге), 16,5% жылдық базалық мөлшерлеме кірістілікпен толық қанағаттандырылған. Осыған орай, ашық позиция Бас банктің нарық алдындағы таза қарызы 4,3 трлн теңге жақындапты.
Қор нарығы бойынша KASE индексі 4 053,5 тармақты (+0,75%) құрап, ең жоғары деңгейде қалыптасты. «Қазатомөнеркәсіп» (+3,9%) пен ҚМГ (+2,1%) үлесі шикізат нарығындағы өсімнің негізгі драйверін құрады деуге болады.
Әлемдік нарықта АҚШ-тың негізгі қор индексі федералды үкіметтің тағы да жабылу ықтималдылығының артуы мен әлсіз макростатистика аясында 1,1-1,6%-ға құлдырағанын көрсетіп отыр. Жарияланған макростатистика тұтынушылардың сенім индексі бойынша қыркүйек айында бұрынғы 108,7 тармақтан 103 тармаққа дейін төмендеген.
Brent мұнайының баға белгілеулері сауданы құлдыраумен (0,92%) аяқтап, барреліне 92,4 долларды құрады. Нарықтың өсу үрдісіндегі үзіліс әлемдегі экономикалық жағдайдың нашарлауымен сұраныстың төмендеуіне, сондай-ақ COVID-19 салдарынан болғандығын айтады.
Сауда нәтижесі USD/RUB жұбының бағамы бір доллар үшін 96,38 рубльге дейін өскен (+0,15%). Мұндай динамика қыркүйек айындағы салық кезеңінің соңғы күндерінде шетел валютасын сатушылар белсенділігінің төмендеуімен байланыстырады. Ресей азаматтары үшін инфляциялық күтулер қыркүйекте 0,2 % тармаққа өсуді жалғастырып, 11,7%-ды құрағаны бар.