Спорт • 05 Қазан, 2023

Финал: Қоңқабаев - Жалолов жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

3985 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ханчжоудағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының боксшысы алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп жазады Egemen.kz.

Финал: Қоңқабаев - Жалолов жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

Фото: Ашық дереккөз

Сағат 19:15-те 92 келіден жоғары аса ауыр салмақтағы финалдық кездесуде Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.

Қазақстан боксшысының финалдық жекпе-жегінің тікелей трансляциясын спорт жанкүйерлері Qazsport телеарнасынан тамашалай алады.

Азия ойындары барысында Қамшыбек Қоңқабаев Бахрейн боксшысы Данис Латыпов пен үндістандық ауыр салмақтағы боксшы Нарендерді жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20