![Мансұр Хабибулла, Алдияр Серік–Азиаданың қола жүлдегерлері](/media/2023/10/05/photo_5258170075440074008_y.webp)
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Джиу-джитсудан 62 келіде Мансұр Хабибулла 3-орын үшін өткен бәсекеде филиппиндік Марк Александер Лимді 6:2 есебімен ұтып, қола жүлде еншіледі.
Айта кетсек, Мансұр Хабибулла - 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Сондай-ақ джиу-джитсуден ел қоржынына екінші қола жүлдені салған 69 келі салмақ дәрежесіндегі Алдияр Серік ұпай көрсеткішімен сингапурлық қарсыласын жеңіп, Азия ойындарында үшінші орын тұғырынан көрінді.