Әдебиет • 05 Қазан, 2023

Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы өтеді

193 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көрнекті жазушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойына орай детектив жанрынан шығармалар байқауы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауы өтеді

Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Бұған дейін өткен байқаулардың тартысты өтуіне талай прозашылар, журналистер, заңгерлер, құқық қорғаушылар детектив жанрындағы шығармаларымен үлестерін қосқан.  

«Биылғы детектив шығармалар байқауы жазушының 100 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Әрі шараға Жетісу облысының әкімдігі қолдау көрсеткенін айта кеткеніміз жөн. Кемел Тоқаевтың туған өлкесінде өтетін байқаудың артықшылығы көп. Үміткерлердің байқау талабына сәйкес келетін шығармалары  республикалық «Заң газеті»  мен  «Юридическая газета» басылымдарында жарық көреді. Байқауға жолданған шығармалар zanmedia.kz сайтындағы «Детектив» айдарында жинақталып, көпшіліктің оқып танысуына, пікір білдіруіне мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ, шара аясында бұған дейінгі байқауларда бас жүлдені иеленген үздіктер Талдықорғанға  арнайы шақырылып, шеберлік сабағын өткізеді», деді спикер.

Шығармалар 15 қазан күнгі сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Бір автор бірнеше шығармасын ұсына алады. Мәтін,  қарпі – Times New Roman, кегль - 14, жол аралық интервал – 1, түзетілуі  – енінен,    шет-шетінен – 2 см.. Үміткер өзінің аты-жөнін, төлқұжатының көшірмесін, ұялы байланыс номерін, электронды поштасын толық жазуы керек. Басты  талап  – жіберілетін материалдар детектив жанрының табиғатына сәйкес болуы керек. Белгіленген мерзімнен кешігіп жіберілген немесе конкурстың талабына сәйкес келмейтін және бұрын басқа байқауға қатысқан шығармалардың конкурсқа қатысуына жол берілмейді.

Жүлдегерлер  8 қараша күні Талдықорғанда марапатталады, уақыты мен өтетін орны ұйымдастырушылар тарапынан қосымша хабарланады.