Хоккей • 05 Қазан, 2023

Жеңілістен көз ашпай тұр

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсетіп жүрген елорданың «Ба­рысы» тұрақты біріншіліктегі кезекті тур ойынында да жеңіліп қалды.

Жеңілістен көз ашпай тұр

Сырт айдындағы ойындар сериясын өт­кізіп жатқан жерлестеріміз бұл жолы Мәс­кеуде ЦСКА командасына жол берді. Жергі­лікті «ЦСКА Арена» спорт кешенінде өткен кездесуде әскерилер «Барыс» қақпасына жауапсыз төрт шайба соқты. Ойынның 8-минутында Павел Корнаухов ойынның есебін ашса, екінші кезеңде Михаил Григоренко мер­гендік танытты. Ал үшінші 20 минуттық­та «Барыстың» экс-хоккейшісі Даррен Диц таб­лодағы көрсеткішті 3:0-ге жеткізсе, ­56-ми­нутта Константин Окулов ойынның нүк­тесін қойды. Осылайша, елордалық клуб қар­сы­ласына 4:0 есебімен жеңілді. Бұл – жер­лес­теріміздің қатарынан төртінші, ал ҚХЛ-дың биылғы маусымындағы 11-жеңілісі.

Жеңілістен көз ашпаған «Барыс» тұ­рақ­ты біріншіліктің 14-турынан кейін Шы­ғыс конференциясының турнир кестесінде 10 ұпай­­­мен 10-орында тұр. Жерлестеріміз келесі ойы­нын бүгін Мәскеу облысының «Витязь» командасымен өткізеді.