Спорт • 06 Қазан, 2023

Галина Дуванова Азия ойындарының алтыны үшін белдеседі

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан Галина Дуванова финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Галина Дуванова Азия ойындарының алтыны үшін белдеседі

Фото: qazsporttv

Джиу-джитсудан 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Галина Дуванова жартылай финалда Таиланд спортшысын жеңді. 

Кеше джиу-джитсу күресінен спортшыларымыз Ханчжоу төрінде үш медаль олжалады.   Мансұр Хабибулла (62 келі) мен  Алдияр Серік (69 келі) қола медаль алса, 69 келіде Нұржан Батырбек жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.