Қоғам • 06 Қазан, 2023

Еліміздегі ең үздік жедел уәкіл анықталды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздегі ең үздік жедел уәкіл анықталды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Жарыстың ақтық кезеңі Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының базасында өтті. Айта кету керек, ең ауыр қылмыстар жедел қызметкерлердің білімі мен дағдыларының, олардың табандылығының, адалдығының, батылдығы мен тапқырлығының арқасында ашылады.

Дәстүрге айналған конкурста аумақтық бөліністердің қызметкерлері жедел қызметте, заңдарды меңгеруде, атыс және физикалық дайындықта жоғары нәтиже көрсетті. Сонымен қатар іс-шара барысында жедел уәкілдермен отставкадағы милиция полковнигі Ғабдрахим Меңдешев кездесті.

Офицердің есебінде көптеген ашылған ауыр және аса ауыр қылмыстар бар. Жеңімпаздарды ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Айдос Рысбаев марапаттады.

– Қиын қызметтеріңізден үйлеріңізге аман-сау оралуларыңызды тілеймін. Сәттілік серік болсын әрдайым! – деді Рысбаев.

Ең үздік жедел уәкіл болып Ақмола облысының қызметкері Елжас Ноғаев танылды. Екінші орынды Абай облысының намысын қорғаған Қуаныш Зарипов иеленді. Ал үздік үштікті алматылық жедел уәкіл Берік Бибеков түйіндеді. Жалпы бұл байқау жедел іздестіру қызметін одан әрі дамытуға және жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.