Аймақтар • 06 Қазан, 2023

Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, терроризмді интернет желісі арқылы насихаттаған Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында терроризмді насихаттаған тұрғын ұсталды

фото: ҰҚК баспасөз қызметі

«Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.    

Сондай-ақ ұсталған адам бұған дейін жалпы қылмыстық қылмыстар жасағаны үшін сотты болғаны анықталды.